Батыр ана 11-ші перзентін дүниеге әкелді. Мереке қарсаңында босанған келіншек облыстық перинаталдық орталықта дәрігерлердің көмегімен, еш отасыз босанды. Ананың да баланың да жағдайы қалыпты дейді ақ халаттылар. Әріптесім Райгүл Еншібай сәбилердің перзентханадан шығу сәтіне қатысып, отбасының қуанышын бөлісіп келді.