Шаһар аруларына арнап Астана ауданының әкімдігі де мерекелік шара өткізді. Аудан әкімі Баянбек Қырықбаев әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтап, оларға арнайы алғыс хатын табыстады.

Сонымен қатар, өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосып келе жатқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.