Бүгін 28 ақтөбелік жас әскерге аттанды. Олар Маңғыстау облысындағы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде Отан алдында борышын орындайды. Шығарып салу рәсіміне болашақ сарбаздардың туыстары мен достары және Қарулы Күштер ардагерлері қатысты. Әсерлі сәтке біздің тілшілеріміз де куә болып қайтты.