Кеше Ойыл ауданында ардагерлер кеңесінің пленумы өтті. Онда зейнет жасындағы ауыл тұрғындарының қоғамдық өмірге белсенді араласуы, жастар тәрбиесіндегі рөлі, медициналық қызмет сапасы мен әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

Одан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов қартайса да ауданның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ардагерді марапаттады.