Байғанин ауданында ардагерлер кеңесінің кеңейтілген пленумы өтті. Жиын барысында зейнет жасындағы азаматтарды қолдау, олардың өмірлік тәжірибесін жастарға жеткізу мен қоғамдағы белсенділігін арттыру мәселелері қаралды. Аудан әкімі Айбек Көпенов ардагерлерге өз алғысын білдірді. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарын тілге тиек етіп, алдағы жоспарын бөлісті. Сондай-ақ, көпшілік алдында ауданның дамуына өз үлесін қосып келе жатқан бір топ ардагер марапатталды.