Оқу жылының басталуына орай өңірде мектеп, колледждерде түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Тамыздың 25-іне басталған "Абайлаңыз, балалар!" атты акция қыркүйектің 10-ына дейін жалғасады.
Полиция қызметкерлері теміржол өткелдерінен өту ережелерін сақтау, түнгі мезгілде жүрмеу, суық қаруды сақтамау, жазатайым оқиғалар мен қылмыстың алдын алу барысын түсіндірді.
Тәртіп сақшылары бүгін қаладағы Ақтөбе көлік, байланыс және технологиялар колледжінің студенттерімен кездесті.