Сондай-ақ қала әкімдігі де түрлі салада қызмет ететін әйелдерді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. 30-ға тарта нәзік жанды марапат алып марқайды. Солардың бірі- Айгүл Абдолова. Ол - кірпіш күйдіруші.

Зауыттағы кірпішті пісіріп, күйдіру үшін пештің температуралық режимін реттейді, кірпіш сапасының мінсіз болуын қамтамасыз етеді.

Ол осы салада 10 жылға жуық еңбек етіп келеді. Бұл оның алғашқы марапаты.