Рамазан сыйы. Республикалық қайырымдылық марафонына биыл 100 ақтөбелік мұқтаж отбасы қатысты. Қасиетті айдағы игі істер Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының 35 жылдығымен орайластырылды. Мұсылман қауымының рухани өмірінде айрықша рөл атқарып келе жатқан құрылымның Оразадағы отыз күнге жоспары әзір.