Кейінгі кезде есірткі сатып, ұзақ жылға бас бостандығынан айырылған жастар туралы жиі айтылып жүр. Тіпті Қылмыстық кодексте өзгертулер де енгізілді. Жаза сәл жеңілдегенімен, заң бұзған адам бәрібір қамалады.

Арасында білім алушылар мен студенттер де кезіккен соң бүгін полиция мен нарколог мамандар бірігіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Есірткі сату да, оны өндіру мен тұтыну да қылмыс екенін ұғындырды.

Облыста есірткі сақтау, тасымалдау дерегіне қатысты 29 құқықбұзушылық анықталған. Есірткіні жарнамалаған 61 сайт бұғатталып, 7 адам қамауға алынды