Негізгі Жаңалықтар ЕРІКТІ ЖАСТАР ҚАРИЯНЫҢ АУЛАСЫН ҚАРДАН ТАЗАЛАДЫ

ЕРІКТІ ЖАСТАР ҚАРИЯНЫҢ АУЛАСЫН ҚАРДАН ТАЗАЛАДЫ


Қала жастары еңбек ардагерлеріне көмекке барды. Олар аула ішіндегі қарды тазалап, қолқабыс етті. Бұл "Ақтөбе қайырымды мекен" жобасы аясында ұйымдастырылған "Ұлағат" акциясы. Оған 30-ға жуық ерікті қатысты.

Облыстық жастар ресурстық орталығы осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыра бермек. Жанашыр азаматтар замандастарын қоғамдық бастамаларға белсене араласуға, ел игілігіне қамқорлық жасауға шақырды.

Бөлісу