Жақында Президент «Марракеш шартын ратификациялау» туралы заңға қол қойды. Енді оның аясында зағип жандар үшін әдеби және көркем шығармалар қолжетімді бола түседі. Яғни, нашар көретіндерге арналған әр аймақтың кітапхана қорлары нүктелі-бедерлі қаріппен жазылған жаңа оқулықтар, аудио кітаптармен толықпақ. Бұл тұста өңірдегі зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында қандай өзгерістер болып жатыр? Әріптесім Нұрболат Қуантайұлы біліп қайтты.