Биылдан бастап аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекке алудан үмітті азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланды. Яғни үміткер өтініш берген кезде пилоттық жобаға қатысуға келісім береді, содан кейін отбасының кәмелетке толған әр мүшесінің жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі. Оған бір жұмыс күні ішінде жауап беруі тиіс.