Борышкерлер мен пробация есебінде тұрған азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараға қаладағы 12 кәсіпорын қатысып, 55 түрлі вакансия ұсынды.

Еңбек нарығында педагог-ұйымдастырушы, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, дефектолог, тәрбиеші, жүк көлігінің жүргізушісі, кітапханашы, қойма меңгерушісі, бейнебақылау операторларына сұраныс бар. Жалпы жыл басынан бері осындай 12 жәрмеңке ұйымдастырылып, 355 адам жұмыспен қамтылған.

Ресми мәлімет бойынша, қаладағы жұмыссыздар саны 8 мыңнан асып жығылады.