Темір ауданы Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің ашылғанына 45 жыл толды. Бүгінде мұнда 385 оқушы домбыра, қобыз, баян секілді аспаптарды меңгеріп, вокал, хор үйірмелеріне қатысып жүр. Жас өнерпаздарымыз түрлі облыстық және республикалық байқауларға қатысып, аудан абыройын асқақтатып келеді. Талантты шәкірттердің шеберлігін шыңдап, үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаздардың еңбегі зор. Мерейтойға орай барлық ауданның музыка және өнер мектептерінің өкілдері шақырылды. Онда балаларға қосымша білім беру жүйесінің басқару тиімділігін арттыру жайы қозғалды.