Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы. Салауатты өмір салтын сақтап, спортты серік еткен жастар ел абыройын асқақтатар азаматқа айналары анық. Ал дені сау ұрпақты тәрбиелеп, жастарды дұрыс жолға бағыттау аға буынның міндеті. Ақтөбелік Нұрбек Отаров пен оның досы дәл осы міндетті ағалық жауапкершіліктеріне алған.