Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2025 жыл- Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Президент, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет екенін айтты. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтары мәртебесін асқақтатып, нағыз маман болу идеясын насихаттауымыз жөн деді. Мемлекет басшысының бұл бағдарына сәйкес Ақтөбе техникалық технологиялық колледжі жұмысшы маманын даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша серіктестермен жиын өткізді.