Заңсыз кәсіпкерлік, жалған шот-фактуралар, қаржы пирамидаларымен күрес, рұқсатсыз ойын бизнесі, банкноттар мен қолтаңбалардың көшірмесі, салықтан жалтару. Бұл экономикалық тергеп-тексеру департаментінің құзырындағы қызметтердің бір парасы. Аталған ведомстваның облыстық бөлімшесінде 60-тан астам адам еңбек етеді. Оның 10 пайызы нәзік жандылар. Экономикалық қылмыстарды ашуда аянбай еңбек етіп жүрген аға тергеуші Таисия Кирьянова күрделі істердің күрмеуін шешіп, біліктілігін дәлелдеп келеді.