Тұмауратқандар көбейді. Суықпен жететін сырқат әсіресе жүкті әйелдер мен балалар арасында тез тарайды. Сондай-ақ қызылша мен көкжөтелге қатысты эпидахуал да тұрақсыз дейді мамандар. Сондықтан қыркүйектің 15-нен бастап облыс аумағында тұмауға қарсы жаппай иммундау шарасы жүргізіледі. Алдымен медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер мен созылмалы ауруы бар адамдар егіледі. Содан соң, 60 жастан асқандар мен оқушыларға жүргізіледі.