Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы -еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Президент айтқан басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру және әділетті Қазақстан орнату идеясы көпшіліктің көңілінен шықты. Саяси маңызды құжатта айтылған басым бағыттар жөнінде философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов өз пікірін білдірді.