Кеше QFL Қазақстан Премьер-лигасының 15-ші туры аясында Ақтөбе өз алаңында Қызылжарды қабылдады. Ойынның 34-ші минутында ақ-қызылдар командасы есеп ашып, алғашқы таймды 1 ұпай айырмасымен, басымдықпен ұтты.

Ал екінші таймда қарсылас команда ойыншылары шабуылды үдете түсті. Дегенмен, жойқын соққылардың арқасында 76 минутта өңірлік футболшылар тағы бір ұпаймен алға шығып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Шешуші голды соққан командадағы үздік ойыншылардың бірі - Жайро Жан. Енді Ақтөбе 4 тамыз күні "Жеңіс" командасымен кездеседі. Ойын Қарағанды қаласында өтеді деп жоспарлануда.