Жыл басынан бері экология департаменті 15 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде облыстағы кәсіпорындарға 3 миллиард теңге айыппұл салынды.

Жалпы экология саласына бақылау күшейді. Былтыр дайындалған кешенді жол картасына сәйкес ай сайын тексеріс өтіп тұрады.

Барлық кінәрат облыс әкіміне баяндалады.

Сонымен қатар, апта сайын мамандар су сынамаларын алып, алты валентті хроммен ластануын тексеріп жүр.