Ал, су тасқынынан зардап шеккен әйтекебиліктер жаңа үйлеріне тамыз айында қоныстанады. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров пен Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновтің Әйтеке би ауданына жұмыс сапары аясында белгілі болды. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналып салынып жатқан үйлер мен биыл пайдалануға берілетін мектеп құрылысын бағамдады.