Ұ.ҚҰЛЫМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ САЯБАҚТА КЕШЕНДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Ырғызда Ұзақбай Құлымбетов атындағы орталық саябақ қайта жөнделіп жатыр. Кешенді жұмыстарға жергілікті қазынадан 37 млн теңге қаржы бөлінген.
Мердігерлер өздеріне тапсырылған шаруаны маусым айының аяғына дейін бітіруді жоспарлап отыр.