Биылғы оқу жылын аймақта 9236 түлек тәмамдады. Мектеп бітірушілер 25-ші мамырдан бастап ҰБТ тапсырып жатыр. Тестілеу жұмыстары 12-ші шілдеге дейін жалғасады. Үміткерлерге жоғары оқу орындарына грант жеңіп алу үшін 2 мүмкіндік берілген. Қазіргі уақытта тестілеу облыс бойынша 2 пунктте өтіп жатыр.