Ел басына күн туғанда бір емес екі мәрте гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткен қырғыз ағайынға ақтөбеліктер алғысын білдірді. Кеше ғана жеті ауыр жүк көлігімен жеткізілген жылу бүгін зардап шеккен отбасыларға үлестірілді. Көмекті екінші рет алып, қажетімен қамтылған тұрғындардың көңіл күйі көтеріңкі.