Төтенше жағдайға байланысты облыста 49 мектеп онлайн форматта оқып жатыр. Ол білім беру мекемелерінде 32 мыңнан аса оқушы бар. 


28 мектеп уақытша орналасу пункті ретінде белгіленсе, қалған мектептер барар жолдың жоқтығынан қашықтықтан оқытуға көшті. 


Үйі суға кеткен балалар оқу құралдарымен және ноутбукпен қамтылды. Білім ошақтарындағы жағдай жақын арада қалыпқа келеді.