Биыл Кіші жүздің атақты биі Әйтеке бидің туғанына - 380 жыл. Осыған орай Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада "Бабаға тағзым" атты танымдық шара өтті.

Онда өңір тарихшылары мен зерттеушілерінің басы бір арнада түйісіп, тарихи тұлға жайында мағлұматтар айтылды.