Бүгін - Ұлттық басылым күні. Бұл мереке Үкімет қаулысымен былтырдан бастап 2 ақпанға белгіленді. Осыдан 111 жыл бұрын дәл осы күні Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары бастаған "Қазақ" газетінің бірінші нөмірі шыққан еді. Сондықтан бұл күн ел күнтізбесіне Ұлттық басылымды ерекшелейтін мереке ретінде бекітілді.