Ауданыңызға не салынатынын өзіңіз шешіңіз. Жауаптыларға ұсынысыңызды жеткізуге "Халық қатысатын бюджет" жобасы мүмкіндік береді. Мәселен, Алматы ауданында былтыр жүргізілген 23 құрылыс 2022 жылғы халық ұсынысының нәтижесі. Аудан басшылығы елдің ендігі ұсыныстарын жүзеге асыру үшін 1 миллиардқа жуық қаржы бөліп отыр.