Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы аясында, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мектеп оқушыларымен кездесті. Онда жас отбасылар арасындағы ұрыссыз қарым-қатынас мәселелері сөз болды. Мамандар әке мен ана арасындағы жанжалдың бала өміріне тікелей әсерін баяндай отырып, мұндай жағдайда жасөспірімдердің қандай шара қолдануы керектігі жөнінде кеңес берді. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың аймақ демографиясының өсіміне кері әсері де айтылды.