Дін қызметкерлері "Зорлық зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясына ат салысты. Неке қиюға келген жастарға отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы татулық туралы семинар өткізілді. Шараға 50-ден аса отбасы қатысты. Тек имамдар емес, кәсіби медиаторлар да жастарға кеңес берді. Бұл тұрмыстық зорлық зомбылықты жою, ажырасуды тоқтатуға бағытталған маңызды шара. Айтып өтелік, жыл басынан бері елімізде 1500 отбасы ажырасқан.