Амбулаториялық-емханалық медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қалада осы тақырыпта екі күндік семинар басталды. Арнайы жұмыс сапарымен келген ресейлік маман Олег Куликов тәжірибесімен бөлісіп, жергілікті мамандармен әріптестік орнатты. Шара №1 қалалық емханада өтті. Көрші елден келген маман медициналық ұйымдағы ортаның қауіпсіздігі, тіркеу орнының жұмысын ұйымдастыру, пациенттердің жеке басын сәйкестендіру, үйде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және ішкі аудит тренингін өткізді