Футболдан Қазақстан Дания құрамасын жеңді. Ойынның алғашқы таймында екі гол өткізіп алған ұлттық құрама екінші таймда есе қайтарып, ақтық есепті 3:2-ге жеткізді. Бақтиер Зайнутдинов пен Асхат Тағыберген соққан голдар есепті теңестірсе, жеңіс голын "Ақтөбенің" экс-ойыншысы Абат Айымбетов салды. Енді Қазақстан өз тобында 3-ші орынға жайғасты.


Келесі ойын сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өтпек. Айтып өтейік, бұл 2024-ші жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі.