Өткен мейрам күндері жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді. Үш күн ішінде үш мыңнан астам қоңырау қабылдаған. Негізінен адамдар қан қысымының жоғарылауына шағымданды. Жалпы, күн сайын қала тұрғындарының денсаулығын қорғауда 30 шұғыл қызмет бригадасы жұмыс істейді. "103"-тің қоңырауларын 8-9 диспетчер қабылдайды. Сондай-ақ, телефон арқылы әртүрлі профильдегі мамандардан кеңес алуға болады.