АСХАТ ШАХАРОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА КЕЛГЕН ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Аймақ басшысы «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысқан ғалымдармен кездесіп, оларға арнайы ризашылығын білдірді. Асхат Шахаров өз сөзінде: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі өркениетінің тарихи және мәдени мұрасын сақтау, оны келешек ұрпаққа аманат ету қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Мұндай мұраны зерделеу — тарихи жадымызды жаңғыртып қана қоймай, түркі халықтарының ортақ болмысы мен рухани байланысын нығайтатын маңызды бағыт..." екенін баса айтты.