Мәртөкте 141 тұрғын бірінші рет дауыс беру құқығына ие болды. 420 көпбалалы ана ұрпағының келешегі үшін маңызды таңдау жасады. Түрлі себеппен учаскеге бара алмаған 280 адам үйінен дауыс берді. Аудан орталығында сайлаудың қалай өткенін арнамыздың түсірілім тобы бақылап қайтты.