Қазақстанды әлемге танытып жүрген нейрохирург Серік Ақшолақов Ақтөбеге келді. Еңбек жолын бір кездері облыстық жедел жәрдем ауруханасында бастаған білікті маман, бүгінде орасан жетістігі бар озық дәрігер. Ол әлемнің ірі нейрохирургия орталықтары қол жеткізген ғылыми нәтижелерді және өз тәжірибесін ақтөбелік мамандарға айтып бөлісті.