Ақтөбелік Ева Корышева Испанияда өткен үшінші санаттағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, айтулы додаға АҚШ, Австралия, Румыния, Италия, Германия, Аргентина, Бельгия сынды елдерден мықты ойыншылар қатысып, бақ сынады. Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 13 жастағы Ева Корышева жекелей және жұптық сында үздік шықты. Ол финалдағы жекелік сында жарыстың бірінші ракеткасы, мажарстандық Грета Немчекті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді