Өңірде жедел респираторлы вирустық инфекция мен маусымдық тұмау өршіп тұр. Соңғы 2 айда 3 мыңға жуық адам суық тиіп ауырған. Олардың көпшілігі - жасөспірімдер. Эпидемиолог мамандар тұрғындарға сақтық шараларын еске салды.