Екі айлық тазалық жұмыстарына білім ордалары да білек сыбана кірісіп кетті. Қаладағы мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары сенбілікке шықты. Ғимараттың айналасын жинап, қоқыстан тазартып жатыр. Енді аптасына екі рет, бейсенбі және сенбі күндері тазалыққа үлес қосады. Алдағы апталарда жоғары сынып оқушылары да шықпақ. Ата-аналар баланы жастайынан осылай еңбекке баулу керек дейді.