Қарағандылық велошабандоз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ерекше марафон бастады. Ұлт ұстазының туған жерінен Мұстафа Өз түріктің отаны Ыстамбұлға велосипедпен бармақ. Қыркүйектің 5-і күні жолға шыққан ол біздің өңірге жетті. Ерекшелігі сол, аялдаған аудан, ауылдың мұражайын аралап, әлеуметтік желінің тікелей эфирі арқылы көпшілікке танымдық ақпарат таратып жүр. Біздегі облыстық тарихи-өлкетану музейімен де танысты.