Көптен бері жеңісті қолдан беріп келген Ақтөбе ел чемпионатының турнир кестесінде соңғы орынға сырғыған болатын. Осы маусымда алты ұпайы ғана бар Ақтөбе командасы үшін бұл ойында жеңімпаз атану ауадай қажет болатын.  Ойынның бірінші жартысында жанкүйерлер қақпаға доп түскен сәтті көре алмады. Екінші тайм да тартысты бола қоймады. Алайда, ойын соңында сәттілік алаң иелеріне бұйырды. Матчтың 78-ші минутында ақтөбелік қорғаушы Рафкат Асланды "Атырау" ойыншысы тоқтату үшін ереже бұзды. Бұл сәтті Ақтөбе командасы қалт жібермеді. Нәтижесінде, пенальтиден соққан доп қарсылас команда қақпасына дөп түсті.

Матч соңына дейін ашылған есеп өзгермеді. "Ақтөбе" командасы тоғыз ұпай жинады. Бұл бізге қарағандылық "Шахтермен" есеп теңестіруге мүмкіндік берді. Алайда, турнир кестесінде соңғы орындарда қалып тұрғанымыз шындық. Ал "Атырау" 10 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.