"Әдебиет. Рух. Қоғам" әдеби формуы Байғанин ауданында жалғасты. Аудан орталығында ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовке арналған танымдық кештер ұйымдастырып, кездесу өтті. Әдебиет пен рухдың форумы туралы тілшіміз айтып береді. Ақтөбедегі әдеби фоумға келген ақын-жазушылар Сағи Жиенбаев пен Тобық Жармағамбетовтың туған жеріне барды. Байғанин ауданындағы №4 мектеп гимназиясында кездесу ұйымдастырылды. Сағи Жиенбаевтың зайыбы мен қызы ақын жайында естеліктерімен бөлісті. Ал оқушылар ақынның шығармашылығы мен өмірін сахналап, әндерін орындады. 1960 жылдары қазақ поэзиясын Сағи Жиенбаевтың лирикасынсыз елестету мүмкін емес. Әсіресе оның Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова мен Нұркен Әбдіров туралы дастандары көпшіліктің жүрегінде мәңгіге сақталған. Алдағы уақытта ақынның баспа беттеріне шыққан өлеңдері 10 томдық кітап болып жарық көреді. ¤Форум қатысушылары Тобық Жармағамбетов атындағы орта мектепке аялдады. Мұнда да жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында танымдық кездесу өтті. Қалың оқырман үшін қаламгер Мәди Айымбетов өз пікірі ой салды. ¤Шараға қатысушылар аудан орталығын автобуспен аралап, өткен шаққа саяхат жасады. Аудан орталығындағы мұражайға барып, ақын - жазушылардың қолданған дүниелерін өз көзімен көрді. Бұл ақындар аллеясы. Мұнда Байғанин топырағынан шыққан ақын - жазушылардың мүсіндері тұр. Барлық мүсінді "Темірқазық" аула клубының еңбек пәнінің мұғалімі Жомарт Ерғалиев жасап шыққан. Шара аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Ақын-жазушылар қазақ әдебиетінің көрнекті қос өкілі Сағи Жиенбаев пен Т. Жармағамбетов жайында тың мәліметтер келтірді. Аудан басшылығы ақын - жазушының зайыбы мен қызын құрмет көрсетті.