Өңірде тері аурулары белең алып барады. Соның ішінде теміреткі жұқтырғандар балалар көп. Дерматолог дәрігерге жүгінетіндердің дені - 8-10 жастағы балалардың ата-аналары. Өткен жылы облыс бойынша 273 адам  теміреткімен ауырған. Соның 180-і қаладан. Теміреткі қайдан пайда болады? Ауру белгісі анықталғанда не істеу керек?

Теміреткі - тез жазылмайтын дерт. Бір ай емдеу қажет. Бұл уақытта дертті жұқтырған оқушы сабағынан қалады. Өзгелерден оқшауланады. Ал дертті анықтау үшін бірнеше рет денеге шыққан бөртпеден сынама алынады.

Теміреткінің таралу жолдары көп. Әсіресе спорттық секцияға жиі баратындар бұл ауруды тез жұқтырады екен.

Ай сайын Ақтөбе облыстық тері венерологиялық ауруханасында 20-30 адам ем алып шығады. Көпшілігі - 8-10  жастағы балалар. Ауруханадан емделіп шыққан бала үшін оның үйінде теміреткі ошақтары жойылып, залалсыздану керек. Ол үшін арнайы СЭС мамандарына жүгінген абзал.

Аурудың емі іздегеннен, ауырмаудың жолын білу керек,-дейді мамандар. Өтйкені, теміреткі ауруына имунитеті төмен балаларға көп жұғады. Құнарлы асқа да көңіл бөлген абзал. 

Әлия Оразай