Бұл – Елбасы туралы киноэпопеяның жалғасы. Фильм 1984 жыл мен 1991 жыл аралығындағы кезеңді қамтиды. Туынды жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, соның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. Бұдан бөлек, картина Қазақстанның тұңғыш президентінің елді реформалаудағы рөлі, сондай-ақ оның бүгінде жаһандық ауқымдағы жобаларға айналған бастамалары жөнінде әңгімелейді. «Жұлдыздар тоғысқанда» картинасы 2016 жылғы 28 сәуірде жалпыұлттық прокатқа шықты. Бүгін Локомотив кинотеарындағы фильмнің премьерасына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері көп жиналды.