Негізгі Жаңалықтар ПРЕЗИДЕНТ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ  

ПРЕЗИДЕНТ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз таңдауын жасады. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Сондай-ақ, ел азаматтары да дауыс беруде белсенділік танытты. Еліміздегі 8 672 нысанда орналасқан 9 780 сайлау учаскесінің барлығында мүгедектігі бар азаматтардың жеке қажеттіліктері ескеріле отырып, дауыс беруіне жағдай жасалды. Атап айтқанда, сайлау учаскелерінде пандустар, сүйеніш тұтқалар мен тактильді көрсеткіштер орнатылған. Дауыс беру кабиналары мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтарға да қолайлы болды. Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін үлкейткіш әйнектер, қосымша жарықтандыру құралдары мен Брайль қарпімен жазылған ақпарат қарастырылды.  


Бөлісу