ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ОРТАҚ ТАЛҚЫДА
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды кездесулері жалғасып жатыр. Үміткер Нұржамал Күлекенова қаладағы кәсіпорындардың бірінің еңбек ұжымымен жүздесті. Ашық әңгіме барысында тұрғындарды толғандырған әлеуметтік мәселелер мен кәсіпкерлік саласына қатысты заңнамалық өзгерістер сөз болды. Кандидат ұжымның ұсыныс-пікірін тыңдап, өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.