ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕРІ КӨП ТЕЛЕСТУДИЯ
Оқушыларға журналистика мамандығын кеңінен насихаттап, олардың медиа-сауатын арттыру. Ерте жастан блогерлікке баулу. Әйтеке би ауданындағы Темірбек Жүргенов атындағы орта мектепте ашылған телестудия аталған бағытта оқушылардың қосымша білімін жетілдіріп келеді.
Нәтижесінде аудан балалары өздерінің жетістіктері мен мектеп қабырғасындағы әрбір шарадан алған әсерін видеоға түсіріп, оны монтаждауды және контент ретінде әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялауды үйрене бастады.