ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Қаладағы №23 мектеп-лицейінде «Заң мен тәртіп - заманауи қоғамның негізі» тақырыбында көңілді старт ұйымдастырылды. Спорттық сайысқа оқушылармен бірге ата-аналар, ұстаздар қатысты. Бес командаға бөлінген қатысушылар жылдамдық пен ептілікті ғана емес, ұйымшылдық пен ауызбіршілікті де сынға салды. Мақсат жеңімпазды анықтау ғана емес, үш буынның арасындағы байланысты нығайту. Өйткені бала тәрбиесінде мектеп пен отбасының бірлесе әрекет етуі айрықша маңызды.