"СЕН СҰЛУ" ОБЛЫСТЫҚ СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Өзіңді таныт. Талантыңды көрсет. Шабыт сыйла! Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектігі бар қыз-келіншектерді "Сен сұлу" байқауына қатысуға шақырады. Сұлулық конкурсына құжаттар қараша айының 28-не дейін қабылданады. Оған жасы 18 бен 45 аралығындағы нәзік жандар қатысып, өз бақтарын сынай алады. Ақылына көркі сай аруларды қомақты қаржы мен бағылы сыйлықтар күтіп тұр.